Хабар телеарнасы

26 ақпаннан бастап «Маска» шоуының екінші маусымы басталады

Бұл жолы жобада 14 өнерпаз бақ сынамақ. Әрқайсысы жанды дауыста ән шырқайды. Бағдарлама шарты бойынша әдеттегідей түрлі маска киген қатысушылардың кім екенін қазылар алқасы анықтайды. Биыл әділ-қазылар алқасының құрамында Марат Оралғазин, Қайрат Әділгерей, Жанар Айжанова мен Ерке Есмахан сияқты танымал жұлдыздар бар. Шоудың екінші маусымы эмоцияға толы болмақ. Ендеше, әр сенбі күні кешкі сағат 19:15-те «Хабар» арнасы қосулы болсын!

Марат Оралғазин, қазылар алқасының мүшесі:

- Алғашқы маусымда бәрінде тәжірибе аз. Сондықтан ұсталып қала беретін де еді. Стористерін қарайсың. Ал қазір бірінші маусымнан кейін кәдімгідей бұл маска киген жұлдыздардың қулықтары артып кеткен. Кей бағдарламалар бар, мүлдем тіпті ұқсататын нұсқа жоқ. Ешкімді таппай қойып, жобалап, тұжырымдап шығарған кездеріміз болды.