Алғыс айту күні «Хабар» телеарнасында «Алғысым шексіз» телемарафоны өткізілді
Эфирге Қазақстан мен әлемнің әр өңірінде тұратын 15 адам кейіпкер болды. Олар өздері бастан өткерген оқиғаларын баяндап, «Хабар» телеарнасының арнайы сыйлығын алды. Телемарафонға арқау болған кейіпкерлердің жасаған ерлігі әр түрлі. Бірі өрт кезінде отбасын құтқарып, ажалдан аман қалыпса, енді бірі өмірде ауыр жағдайға тап болған жандарға көмектесіп келеді. Бір сөзбен айтқанда, барлығыда бұл өмірде жүрегі кең мейірімді жандар көп екенін сөзбен емес, іспен дәлелдеген азаматтар.
Әлібек Құламан, «Алғысым шексіз» телемарафонының продюсері:
- «Алғысым шексіз» деп кез келген адам бір-біріне көп жағдайда айта бермейді. Бірақ біз өзіміз іштей ризашылығымызды білдіріп жүреміз. Сондықтан бұл жерде «Алғысым шексіз» деп бағдарламаның аталуы да осы бір-бірімізге деген өзіміздің ішіміздегі жылылықты, ниетімізді білдіру, алғысымызды білдіру.