Берік Уәли болашақ журналистермен кездесу өткізді
Бүгін «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Берік Уәли Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен бейресми кездесу өткізді.
Іс-шара барысында еліміздегі ірі медиа холдингінің басшысы жас мамандармен өз тәжірибесімен бөлісіп, «Хабар» Агенттігінің жұмысы туралы баяндады, жастарды шығармашылық ынтымақтастыққа шақырды.
Берік Уәли кездесуге құр қол келген жоқ. Журналистика факультетінің 12-ші туған күніне орай өткен кездесуде студенттердің идеяларын жүзеге асыруға және тәжірибе жинауға мүмкіндік беру үшін ол демеушілердің есебінен сатып алынған теледидар камерасын сыйға берді.
Кездесу аясында «Хабар» Агенттігі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті меморандумға қол қойды. Болашақ журналистер EL ARNA телеарнасының эфирінде көрсетілетін 10 минуттық бағдарлама өндірісіне қатысуға мүмкіндік алды.