01:00Әрі қарай: ҚР Әнұраны
+7 (7172) 757 555
sale@khabar.kz

«Хабар» Алаш арыстарына көмектескен қазақ меценаттары туралы деректі фильм түсірді

«Хабар» Алаш арыстарына көмектескен қазақ меценаттары туралы деректі фильм түсірді

Халық жадында қазақ байлары жағымсыз образда сақталған.

Алайда, көпшілік өткен ғасырларда білім, ағарту, мәдениет, медицина салаларына қайырымдылық жасаған дәулеттілердің ерекше құрметке ие болғандығын біле бермейді. Бұған қоса, қазақтың ауқатты адамдары алашордалықтардың негізгі материалдық тірегі болған. Өкінішке қарай, кеңестік большевиктердің пропагандасы дала байларын ұмытуға мәжбүр етті.

Қазақ меценаттарының есімін жаңғырту мақсатында «Хабар» телеарнасының жаңа маусымында «Көмбе» атты танымдық жоба көрсетіле бастайды.

Жобаның жүргізушісі, белгілі әнші Нұрлан Өнербаевтың айтуынша, кезінде қазақ меценаттарының арқасында мектептер ашылды, кітаптар мен газеттер шықты, дарынды жастар шет елдерде білім алды.

«Бүгінгі ұрпақ халқымыздың тарихын білуі тиіс. Тарихи тұлғалар туралы айтқанда, әдетте, ойымызға билер мен батырлар, хандар оралады. Алайда, тарихымызда халыққа риясыз қолдау көрсеткен ірі меценаттар да болған. Қазақ байлары Алаш қозғалысының көсемдерін материалдық әрі рухани тұрғыда да демеп отырған. «Көмбе» телебағдарламасы солардың есімін жаңғыртып, көрерменге дала меценаттарының тағдыры мен игілікті істері туралы айтатын болады», - деді Нұрлан Өнербаев.

Сондай-ақ...