Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасының басты жобаларының бірі Cover Show жалғасып жатыр

Музыкалық шоу бағдарламаның басты мақсаты – орта буын өнер иелері мен жас әншілердің композиция алмасуы.

«Осылайша заманауи шоу арқылы ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады», – дейді жоба жетекшілері. Әр бағдарлама сайын 4 өнер иесі екі әннен орындайды. Жалпы жобаның бұл маусымында 64 әнші сахнаға шығады. Олардың арасында Назима, Нұрболат Абдуллин, «Калифарния» және басқа да әншілер бар.

Айгүл Ақсамбиева, Cover Show бағдарламасының продюсері:
Сіз көңіліңізде тұрған кез келген әнді айта аласыз. Сондықтан әншілерге бұл өте қызық және өте ыңғайлы. Жақында ғана Ақжол ағамыз «Ауырмайды жүрек» деген әнді айтты. Былай қылып орындаған дұрыс-ау деген өзінің ойы болған және ол ойды осы біздің сахнамызда іске асырды.