Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасы «Тағдырға сен» телехикаясын көрерменге ұсынады

«Хабар» арнасы бүгіннен бастап «Тағдырға СЕН» деген атаумен түріктің ең танымал телехикаясын ұсынады. Туынды дәстүрлі отбасында тәрбиеленген Сейранның бай әулеттің мұрагері Ферит Корханға еріксіз тұрмысқа шыққаны жайлы.

Сырт көзге бақытты көрінген әр кейіпкердің өз тағдыры, жасырған сыры мен құпиясы көп. Қызықты оқиғаға толы сериал Түркия ғана емес, әлемнің көптеген елінде көрермен көңілінен шыққан. Бұл фильмді бүгіннен бастап жұмыс күндері сағат 20:00 біздің арнамыздан тамашалай аласыздар.