08:50 Әрі қарай: Мультсериал «Путь Абая - путь воина»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Шетел жаңалықтары: Бразилиядағы су тасқыны салдары. Коронавирус құрбандары артты

  • Категория: Әлемде
Шетел жаңалықтары: Бразилиядағы су тасқыны салдары. Коронавирус құрбандары артты

Табиғаттың тосын мінезі өзге елдерді әбігерге салып отыр.

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нөсер жаңбыр соңы су тасқынына ұласып, 3 адам қаза тапты. Ондаған тұрғын жарақат алды. Тұрғын үйлер мен көліктерді су басып, жолдарды шайып кеткен. Топан судан әсіресе қаланың батыс бөлігі қатты зардап шеккен. Ал осы елдің солтүстігіндегі Амапа штатындағы кеме апатынан 13 адам мерт болды. Тағы 28 жолаушы із-түзсіз жоғалғандар санатында.

Коронавирустан көз жұмғандардың саны 3 мыңнан асты

Әлемді әбігерге салған коронавирустан көз жұмғандар саны 3 мыңнан асты. Жұқпалы індеттен Қытайда 2 946, Иранда 66, Италияда 50-ден астам адам қайтыс болды. Ал АҚШ-та құрбандар саны 6-ға жеткен. Бүгінде вирус 60-тан астам елде анықталып, оны жұқтырғандар саны 90 мыңнан асты. Соңғы мәліметке қарағанда, дерт Марокко, Сауд Арабиясы, Латвия, Сенегал және Тунисте де табылды.

Сондай-ақ...

Серіктестердің жаңалықтары

Загрузка...