Хабар телеарнасы

Түркияның Теңге сарайы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монета шығарды

Барлығы – 3 мың дана. 925-ші сынамалы күміс монетаның салмағы – 31 грамм, диаметрі – 38 миллиметр. Оның алдыңғы бетінде Мемлекеттік ту мен түрікше «Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» деп жазылған. Сырт жағында еліміздің картасы бейнеленген. Ал картаның ішінде латын әріптерімен «Qazaqstan» деп жазылған. Proof сапалы монеталар арнайы бағамен сатылады.