+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

Еліміздегі жағдайды Еуропа елдері жіті бақылап отыр

  • Категория: Әлемде
Еліміздегі жағдайды Еуропа елдері жіті бақылап отыр

Еуропалық кеңестің төрағасы Шарл Мишель өзінің твиттердегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен сөйлескенін және Жалпыұлттық аза тұту күні көңіл айтқанын жазды.

«Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы серіктестіктің маңыздылығын және елдегі егемендік, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қолдау білдіретінімді жеткіздім», деп жазды саясаткер. Еліміздегі жағдайға қатысты Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэти Лич де пікір білдіріп, көңіл айтты. «Соңғы аптада Алматы тұрғындары бетпе-бет келген шабуылдар мені алаңдатып отыр. Зорлық-зомбылық әрекеттерден басқа қалалар да зардап шекті. Ұлыбритания үкіметінің атынан қаза тапқандардың отбасыларына және жақындарына көңіл айтамын. Қазақстанды қолдаймыз», – деді елші.