Қазір Украинада 200-дей Қазақстан азаматы бар
Айтуынша, отандастарымыздың басым көпшілігі Украинадан шықты. Ал қалғандары Польша мен Молдоваға өте алады. Қазақстандықтарды көшіруге дипломаттарымыз көмектесіп жатыр. Елшілікті жабу және толықтай көшіру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Десе де, қызметкерлердің көбі Варшаваға өткен. Ал Киевте консул қалды.
Мұхтар Тілеуберді , ҚР Сыртқы істер министрі:
-Елшілігіміз толық жабылып жатқан жоқ. Толық эвакуация туралы мәселе тұрған жоқ. Қазірше уақытша біз елшілігімізді Варшава қаласына дислокация жасап жатырмыз. Дипломаттар мен қызметкерлердің көбісі Польша мен Молдовадағы елшіліктерімізге барып, қызмет атқаруда.