Нью-Йоркте қазақ туы желбіреді
Американың ең ірі мегаполисі Республика күніне қазақстандықтарға осындай тарту жасады. Қала мэрі Эрик Адамс салтанатты шараны өзінің жеке парақшасында жариялады. Ол қазақ елінің көк байрағын көтеру арқылы Нью-Йорктің қуаты мен рухын көтеретінін айтты.
Эрик Адамс Нью-Йорк қаласының мэрі:
-Біздің қаламызды жақсы көріп, құрметтейтін азаматтардың бірі — қазақстандықтар. Олар біздің қаламыздағы өте белсенді қауымдастық. Бизнес ашып, ынтымақтастық нығайтып жатырсыздар. Осындағы Бас консулмен де көп жылдан бері жақсы доспыз. Сіздер білімнің қуатын түсінген елсіздер. Осында Сіздердің туларыңызды көтеруге арқылы біз Нью-Йорк қаласының қуаты мен рухын көтереміз. Біздің қаланың алуан түрлі мәдениетін көтеруге үлес қосқандарыңыз үшін рахмет.