БҰҰ: 2 миллиардтан аса адам су тапшылығының зардабын тартып отыр
Әлемде құрғақшылық белең алып барады. Ал 2050 жылға қарай жер жаһанның 75% қуаңшылық жайлауы мүмкін. Сарапшылар: «Африканың Эфиопия, Сомали және Кения елдерінің 13 миллион тұрғынына алапат аштық қаупі төніп тұр», — дейді. Құрғақшылық Еуропа елдерін де алаңдатып отыр. Италияда өзен-көлдер тартылып барады. Елдегі По өзеніндегі су деңгейі 60% азайып кеткен. Суда тұрған Венецияда да каналдар құрғап жатыр. Ал Францияның бірқатар өңірінде егіс алқаптарын суаруға шектеу енгізілмек. Былтыр жазда Еуропаның үштен екі бөлігін қуаңшылық жайлап, 47% топырақ құрғап қалған еді. Зерттеушілер жағдай тіптен ушығуы мүмкін деп отыр.