Қазақстан—Қытай тауар айналымы рекордтық межеге жетті
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы былтыр 34% өсіп, 24 млрд доллардан асты. Бұл 30 жыл ішінде қол жеткізілген рекорд. Алыс-берістің 40% астамы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында жүзеге асырылған. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та аталған автономиялық аудандағы коммунистік партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Екі ел 2030 жылға қарай тауар айналымын 35 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр.