Сеулдегі қазақ диаспорасы Наурыз мерекесін тойлады
«Томирис» мәдени орталығының ең белсенді өкілдері шығыс мейрамханаларының біріне жиналды. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылып, концерттік бағдарлама әзірленді. Мерекеде қазақ және корей әндері орындалып, балалар қамажай мен қара жорға биледі. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінің кішкентай қонақтарына шашу дәстүрі мен асық ату ойыны таныстырылды. «Томирис» қазақ қоғамы Корея астанасында 11 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Олар Сеул тұрғындарына халық дәстүрлері мен өнерін паш етеді, сонымен қатар жергілікті мектептерде қазақ мәдениеті туралы сабақ береді.
Назгүл Қарабаева, «Томирис» қазақ қауымдастығының төрайымы:
- Біз өзіміз қазақпыз. Сондықтан арғы бетте жүрсек те Наурыз мейрамын әр қазақ тойлайды. Сондықтан осы Корея елінде де қазақтар көп біз жылына бір рет көрісіп наурыз айында наурыз мерекесін бірге тойлап, жиі жиі кездесіп тұрамыз.