Елордада Наурыз мерекесі қарсаңында 4 бүлдіршіннің тұсауы кесілді
Мерекелік іс-шараға депутаттар, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары шақырылған. Қазақтың салт-дәстүрлері ұлықталып, балалар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Көрмеге көне әшекей бұйымдар қойылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 14 наурыздан бастап дәстүрлер мен наурызнамадағы мерекелерді түсіндіретін қойылымдар көрсетілуде. Яғни оны 1700 аса бала тамашалаған. Ал мерекелік көрмелер 22 наурызға дейін жалғасады.
Ақмарал Ибраева, ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары:
- Кәдімгі бір үлкен ауыл. Сол ауыл сияқты біз ұйымдастырып отырмыз. Кезінде ата-бабаларымыз ежелгі дәуірден бастап бұл мерекені өздері тойлап келген. Кеңес Үкіметі кезінде тоқтап қалды. Бірақ халық оны өз ішінде сақтады. Санасында. Тәуелсіздік алмай тұра қайтадан келді. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл жанданды.