Хабар телеарнасы

Қатар мемлекетінде мыңнан астам қазақстандық мұнайшы жұмыс істейді

Олардың арасында тіпті сол елде 17 жыл еңбек етіп, компания басшысы болған қазақ азаматы да бар. Бұл туралы Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағының төрағасы Алмас Құдайберген айтты. Ал елімізде керісінше бұл салада маман тапшы. Білікті инженерлерден бастап тәжірибелі мұнайшыларға дейін жетіспейді. «Заман талабына сай келетін кадр дайындайтын оқу ордасы да аз»,— дейді осы істің басы-қасында жүргендер.

Рашид Жақсылықов, Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы президиумының төрағасы:
-Біздің оқу орнын бітірген мамандардың сұранысы өте за. Сондықтан біздің мұнайға қызмет көрсету саласының компаниялары әрқайсысы өзінің мектебін ашқан және өздерінің шетелдік серіктестері арқылы біз өзіміздің мамандарымызды сол жаққа шығарып, оқытып аламыз. Бірақ жоғары интеллектуалды инженерлер дайындау, ол шынында да біздің ғана проблема емес, дүниежүзілік проблема.