Бельгияда АЭС жұмысының мерзімі ұзартылды
Бельгия атом реакторларын жабуды тағы 10 жылға шегерді. Бүгінде елдегі электр қуатының жартысынан астамын өндіретін екі атом электр станциясы бар. 1952 жылы Бельгияда ядролық зерттеулер бойынша оқу орталығы құрылды. Алғашқы атом реакторы 1956 жылы іске қосылды. 1974 жылы алғашқы атом электр станциясы салынды. Келесі 10 жылда тағы 6 реактор іске қосылды. Оларды 2025 жылы жабу жоспарланған еді. Алайда 2022 жылы билік екі атом реакторының жұмыс істеу мерзімін тағы 10 жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.
Хамид Айт Әбдеррахим, «Myrrha» халықаралық жобасының басшысы:
-Қазір атом қуатынсыз энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Оны көптеген елдің тәжірибесінен көріп отырмыз. Біз жаңартылатын қуат көздерімен қатар атом энергетикасын да дамытуымыз керек. Осы себепті Бельгияда ең көне атом электр станцияларындағы екі реактордың жұмысын ұзарту туралы шешім қабылданды