Үкімет Пәкістанға өнімдердің жеткізу көлемін жыл сайын 2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын
Қазақстанда өсірілген көкөністер мен дәнді дақылдар Пәкістанда сұранысқа ие. Сондықтан Қазақстан Үкіметі бұл өнімдердің жеткізу көлемін жыл сайын 2 млн тоннаға дейін арттыруға дайын. Бұл жайлы Үкімет басшысы Олжас Бектенов пәкістандық Премьер-министр Шахбаз Шарифпен кездесуінде айтты. Жалпы екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу көлемі 2 есе өсіп, 7,7 млн долларға жеткен. Бұл кездесуден соң Олжас Бектенов, Исламабадта Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.