Трамп өз әкімшілігі мен үкіметтегі негізгі қызметтерді Илон Маск басқаратынын жариялады
Жаңа сайланған АҚШ президенті Дональд Трамп өз әкімшілігі мен үкіметтегі негізгі қызметтерді кім басқаратынын жариялады. Жаңа құрылатын мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру Департаментін әлемдегі ең бай адам Илон Маск және кәсіпкер Вивек Рамасвами басқарады. Бұл мекеме үкімет шығындарын азайтып, мемлекеттік аппаратты қысқартуға тиіс. Бұл лауазымға осы тұлғалардың, әсіресе Илон Масктың тағайындалуы мүдделер қайшылығы жөнінде сауалды көтеретіні анық. Өйткені Маск – мемлекеттік контрактілерді атқарып жатқан бірқатар компанияның жетекшісі. Сарапшыларды таңқалдырған Трамптың тағы бір шешімі – тележүргізуші Пит Хегсетті қорғаныс министрі қызметіне тағайындауы. Соғыс ардагері болғанымен оның әскери немесе мемлекеттік мекемелерді басқару тәжірибесі жоқ. Орталық барлау басқармасының жетекшісі қызметін Джон Рэтклифф атқаратын болды. Трамптың бірінші президенттік мерзімінде ол ұлттық барлау қызметін басқарған. Ішкі қауіпсіздік министрі болып әйел Кристи Ноэм тағайындалды.