Хабар телеарнасы

Бүгін – Әзербайжанда аза тұту күні

Бүгін – Әзербайжанда аза тұту күні. Ол көптеген адамның қазасына әкелген жолаушы ұшақ апатына байланысты жарияланды. Тиісті жарлыққа Республика Президенті Ильхам Әлиев қол қойған. Жаңажылдық шыршалардың шырақтары сөндіріліп, бүгін өтуі тиіс барлық мәдени және ойын-сауық шаралар кейінге қалдырылды. Мемлекетік мекемелердегі ұлттық тулар төмен түсірілді. Жергілікті уақытпен сағат түскі он екіде Баку әуежайында 1 минут үнсіздік жарияланды. Ел аумағы бойынша көлік қозғалысы тоқтап, тұтас халық бір сәт тыныштық сақтады. Бакудегі Қазақстан елшілігінде көңіл айту кітабы қойылды. 

Ильхам Әлиев, Әзербайжан Президенті: 

- Апатқа не себеп болғаны әзір белгісіз. Түрлі жорамал бар, бірақ менің ойымша, оны талқылау әлі ерте. Бұл оқиға мұқият тергелуі тиіс. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғады. Әрине, мемлекеттік комиссия жұмысы және қылмыстық іс тергеуінің қорытындылары туралы ақпарат Әзербайжан қауымына үнемі жеткізіліп тұрады.