Хабар телеарнасы

Оңтүстік Кореяда саяси дағдарыс ушығып барады

Оңтүстік Кореяда саяси дағдарыс ушығып барады. Бүгін бұл елдің парламенті президент міндетін уақытша атқарушы Хан Док Суға импичмент жариялады. Ол бұрынғы президент Юн Сок Ёльге қарсы қылмыстық іс ашу жөнінде заң жобасын қарастырудан бас тартқан еді. Бұл оппозициялық депутаттардың ашуын тудырды. Осылайша бір айдың ішінде екінші рет мемлекет басшысын биліктен шеттеді. Еске салып кетейік, 14 желтоқсанда парламент елде әскери жағдай енгізгені үшін президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялаған еді.