Хабар телеарнасы

Семейліктер Африка халқына құдық қазып берді

Семей жастары Африка құрлығындағы ауызсуға мұқтаж халыққа құдық қазып берді. Бұл - Қазақстан тарапынан жасалған сый деп бағаланды. «Жастар Семей» қоғамдық қоры «ДайМохк» қайырымдылық қорымен байланыс орнатып, екіжақты келісім жасалған. Нәтижесінде 3 апта ішінде құдық қазылып, Камерун мемлекетіндегі Мазаки елді мекенінің тұрғындары тіршілік нәріне қол жеткізді. Олар бұған дейін өзен суын ішіп келген екен.