Президент Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
Педагогтердің мәртебесін арттыру жұмысы одан әрі жалғаса береді. Бүгін бұл жайында Президентке Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді. Министрдің айтуынша, биыл ел бойынша 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу процесіндегі ахуал және «Кітап оқитын мектеп» жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді.
Сондай-ақ кездесуде балалардың құқықтарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша, Президент Қазақстанның білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.