Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің жетілдірілген үшінші нұсқасы жасалды
Осының бәрін жүргізу нәтижесінде қазақ әліпбиінің жетілдірілген үшінші нұсқасы жасалды.
2017 жылы латын графикасына негізделген әліпбидің алғашқы нұсқасы шықты. Онда 32 таңба берілген. Тоғызының үстіне үтір қойылған. Ғылыми тілде мұны апостроф дейді. Дегенмен оны қолдаушыларға қарағанда, сынаушылар көп болды.
2018 жылы латын әліпбиіне қатысты жоба қайта ұсынылды. Онда да 32 әріп таңбаланған. Тек «Ш» және «Ч» әріптері екі таңбамен белгіленген. Осы әліпбимен жалпыхалықтық диктант та жазылды. Араға екі жыл салып, үшінші нұсқа таныстырылды. Мұнда 31 әріп берілген. Кейбірінің үстінде қос нүкте мен сызықша бар.