«Болашақ» бағдарламасы: қазақстандықтар әлемнің үздік университеттерінде тағылымдамадан өтті
2021 жылы 416 ғалым стипендиат атанса, оның 156-сы АҚШ жоғарғы оқу орындарында білім алып, ел дамуына үлес қосуға дайын.
Әлібек Ыдырысұлы, Биомедицина ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
- Еліміздегі ең үлкен мәселенің бірі – еліміздің ғылыми жарияланымдарының рейтингі өте төмен. Осыны жоғарылату жолында мен арнаулы зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Арнаулы Scopus, Web of Science және Google scholar базаларынан еліміздің ғалымдарына қатысты бүкіл мәліметтерді алып, соны өңдеу арқылы нақтылы ұсыныстар әзірледім.
Наужан Дидарбекова, «Ұлттық тестілеу орталығы» директорының орынбасары:
- Осы жерде алған білімімізді, жинақтаған тәжірибемізді елімізге барып жүзеге асырамыз деген ойдамыз.