«Айбын» республикалық дала жиынына Астана қаласындағы жас сарбаздарды іріктеу басталды
Олар патриоттық әндер байқауы, робототехника сайыстары, автоматты жартылай бөлшектеп, қайта жинау сайыстары бойынша бақ сынады. Бүгінгі додаға 250 өрен қатысты. Іріктеу кезеңі мамыр айында аяқталады. Елордамыздағы 8 мың жас сарбаздың арасынан 15 адам Айбынға жолдама алмақ. Әр өңірден жиналған 800-ге жуық жас сарбаз Қарағандыда өзара додаға түседі. Жауаптылардың айтуынша, жасөспірімдер арасында әскери салаға қызығушылық артуда. Республика бойынша 300 мыңға жуық жасөспірімге жас сарбаз куәлігі табысталған.
Елмұрат Әбдірашит, 8-сынып оқушысы:
- Ұлы Отан соғысында көптеген миллион адамдар өлген. Соның алдын алу үшін мен дистанционды танкі жасадым. Өзімнің программам арқылы Отаныма көмектескім келеді.
Асхат Налшыбек, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы қалалық филиалының төрағасы:
- Бүгінгі іріктеудің негізгі ерекшелігі 7-12 жас аралығы, 13-18 жас аралығында іріктеу жүріп жатыр. Жалпы бұл шараның негізгі мақсаты – жастарды әртүрлі бағыттарда дамытып, Халықаралық деңгейдегі шараларға қатыстыру. Жастар арасында бәсекелестікті арттыру.