Отандық ғылымға үлес қосып қосып жүрген жастар Алматыда бас қосты
200-ге жуық маманның ішінде Түркия, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Польша мен Данияда жүрген жерлестеріміз бар. Жиынға қатысушылардың айтуынша, біздің ғылым ширек ғасырда тұралап қалған. Ғылыммен айналысушылардың саны азайып, кейбірінің жұмыстары көлеңкеде қалып келді. Себебі тың идеяларды қолдау немесе коммерцияландыруға қаражат жеткіліксіз. Осы мәселелердің бәрі дөңгелек үстелде талқыланды. Ғылыми жаңалық пен инвесторларды бір арнаға тоғыстыру тетіктерін тілге тиек етті. Сонымен қатар зертханаларды заманауи жабдықтау, жас таланттарға қолжетімді ету мәселесі де айтылды.
Руслан Нұрлыбаев, ҚР Президентінің жанындағы «ҚР Ұлттық ғылым академиясының» департамент директоры:
- Ғалымдардың нәтижелі жұмыстарын өндіріспен байланыстыруда өндірістерге барамыз. Солардың негізгі проблемалық мәселелерін анықтаймыз. Ғалымдардың еңбектерін соларға өндіріске енгізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргіземіз. Кәсіпкерлерді арнайы белгілі бір салық түрлерінен босату туралы жаңа салық кодексі дайындалып жатыр.