Жемқорлықтан түскен қаржыға жаңа мектептер бой көтереді
Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жемқорлықтан түскен қаржыға еліміздің бірқатар өңірінде және Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында жаңа мектептер бой көтереді. Мақсат — қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешу. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы қор есепшотына бүгінге дейін жемқорлардан 151 млрд 600 миллион теңге түскен. Тәркіленген қаржыға 76 мың орынға негізделген 62 мектеп салынады.