Ғылымды дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған басым бағыттары бекітілді
Қазақстан Үндістан мен Ираннан кейін Орталық және Оңтүстік Азия бойынша үздік 3 инновациялық экономика қатарында. Бұл жайлы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының «Жаһандық инновациялық индексті» бағалауында жарияланды.
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия отырысында ғылымды 2024-2026 жылдары дамыту мәселелері қаралды. «Цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктері еліміздің халықаралық аренадағы позицияларын жақсарту үшін ғалымдарға қажетті жағдай жасау және инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын жалғастыруы тиіс»,- деді Үкімет басшысы. Әсіресе су ресурстарын ұтымды пайдалану, топырақ сапасын сақтау, энергетикалық қауіпсіздік, парниктік газдарды азайту және жаңартылатын көздерді дамыту мәселелеріне назар аударылады.