Алматыда қазақ детектив жанрын дамыту жайы талқыланды
Балабақшаларға қойылатын талаптарды зерделеу, білім беру сапасын жоғарылату және қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында осы сұрақтар қаралды. Әр мәселе жауапты министрлермен талқыланды. Жыл санап жекеменшік тәрбие және білім беру мекемелерінің саны артуда. Мелекеттік пен олардың арасындағы байланыс тым алыстап барады. Бұған қатысты қоғам тарапынан түрлі пікір айтылуда. «Сондықтан ортақ стандарт болғаны жөн»,- дейді жиналғандар.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
- 7 жылдық тұжырымдамамызды қабылдаған болатынбыз. Бес үлкен бағыты бар. Сол тұжырымдаманы келіп Ассамблея мүшелеріне таныстырсақ. Сол кезде цифрлық шешімдерді көрсете аламыз.