Күнсұлу Закария ковидке қарсы күреске сүбелі үлес қосқан әйел ғалымдар қатарына қосылды
ТЭК-коллектив онлайн-журналы белгілі ғалым Күнсұлу Закарияны ковид пандемиясына қарсы күреске сүбелі үлес қосқан әйел ғалымдар қатарына қосты. Көрнекті биолог — коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын шығарған ғалымдардың бірі. Зерттеу нәтижесінде QazVac тиімділігі 90% асқан. Күнсұлу Закарья қазірге дейін биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде ғылыми-зерттеу институтының бас директоры және Ұлттық ғылым академиясының президенті болды. Сонымен қатар биологиялық қауіпсіздік, биотехнологиялар және микробиология салаларының белді маманы. Биыл қаңтар айынан бері Президенттің кеңесшісі.