Елордада Қ.Сәтбаевтың 125 жылдығына орай іс-шаралар ұйымдастырылды
Бүгін Қазақ ғылымының көрнекті өкілі – Қаныш Имантайұлы Сәтбевтың туған күні. Елордада Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай айтулы іс-шаралар ұйымдастырылды. Академиктің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Еуразия Ұлттық университетінде «Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғалымдар біртуар тұлғаның отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқанын, ұлт мүддесін қорғау жолындағы ерлік істерін де сөз етті. Жиылғандар ұлы ғалымның туған жерінен арнайы жеткізілген құнды жәдігерлермен де танысты.
Айдархан Қалтаев, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ҰТЗУ кафедра меңгерушісі:
- Ол кісінің геология саласына әстеген еңбегң, Жезқазғанның айналасында, ШҚо дағы қазба байлықтарды табудағы жұмыстары бір бөлек. Өзі бастап қазақ ғылым академиясының негізін салып, қазақтың қыз-жігіттерін ғылымға тартып, олардың ғылыми жетістіктерге жеткуіне жасаған еңбектерін бағалап айту керек.