Ақтөбе облысындағы оқушылар емтиханнан босатылды
Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен Ойыл және Ырғыз ауданының оқушылары аралық емтихан тапсырмайтын болды. Қазір бұл өңірлерге сабақ онлайн өтіп жатыр. 1135 оқушы қорытынды сынақтан босатылды. Сондай-ақ үйлерін қарғын су басқан отбасы балаларына қала сыртындағы лагерьге тегін жолдама беріледі. Жалпы облыс бойынша 156 мың оқушыға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарланған.
Нұргүл Бертілеуова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
-Су тасқынынан зардап шеккен аудандардағы ауыл балаларын қалаға алып келіп, қаланың көрікті жердерін аралатып, ойын-сауық орындарында, басқа да түрлі қызықты саяхаттар ұйымдастырылатын болады. Бұл мақсатқа да жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылып отыр және сонымен бірге 5000-ға жуық баланы облыстың туристтік аймақтар деп аталады, киелі жерлеріне саяхат ұйымдастырылатын болады.