Хабар телеарнасы

Петропавлда дуалды білім беру жүйесінің еуропалық үлгісін енгізбек

Петропавлдағы ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру кәсіпорны дуалды білім беру жүйесінің еуропалық үлгісін енгізбек. Енді қаладағы оқу орындарының 10 студенті жыл сайын өндіріспен қатар теорияны ұштастырмақ. Олар зауытта жұмыс істеп, шеберлігін шыңдайды. Қазір мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бағдарламасы іске қосылған. Оның ішінде Еуропа елдерінде тәжірбиеден өту мүмкіндігі қарастырылмақ. Бұл жоғары санатты мамандарды даярлап шығаруға мүмкіндік береді. 

Сергей Жолик, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру кәсіпорнының бас директоры:
-Еңбек нарығында техниканы жетік меңгерген мамандар тапшы. Оларды іздеп табу қиын. Сондықтан біз биылдан бастап Петропавлдағы оқу орындарымен тығыз байланыс орнатып, дуалды білім беру жүйесін енгізбекшіміз.