Хабар телеарнасы

Алматыда алғашқы экохаб ашылды

Бұл — «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы ірі жобалардың бірі. Орталықтың басты мақсаты — қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, қалдықтарды бөлек жинау мен қайта өңдеуді насихаттау. Алматылықтар экохабқа пластик, алюминий, шыны және табиғатқа зиянды ескі және күйген шамдарды өткізе алады. Білікті мамандар тұрмыстық қалдықтарды өңдеу ісі бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ орталық қызметкерлері қайта өңделген шикізаттан құмыра, стакан, сағат, кәдесый секілді бұйымдарды жасауды үйретеді. Экостартап жобаларға да қолдау көрсетіледі.