Хабар телеарнасы

Жуырда электр энергиясының шығындарын жасанды интеллект болжайды

Жуырда елімізде электр энергиясының шығындарын жасанды интеллект болжайтын болады. Министрліктің ауқымды жоспарымен Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс бөлісті. Оның айтуынша, жасанды интеллект қазірдің өзінде ауа райын болжау арқылы жанданатын энергия көздерінің тиімділігін болжай алады. Ендігіде оны негізгі салалық қажеттіліктерге бағыттау жоспарда бар. Атап айтсақ, бұл технологиялар энергия ресурстарын тұтынуды болжауға мүмкіндік бермек.