Хабар телеарнасы

Келесі жылы Астанада жасанды интеллект ұлттық орталығы іске қосылуы мүмкін

Мемлекет басшысы: «Қазақстан цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс», — деді. «Электронды Үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Одан бөлек келер жылы елордада жасанды интеллект ұлттық орталығы іске қосылуы мүмкін. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі магистрлік, докторлық немесе студенттік жұмыстарды жазғанда, жасанды интеллектіні қолдануға рұқсат беріп отыр. Тек бір шартпен, міндетті түрде «Бұл мәтін жасанды интеллект көмегімен жасалған» деп көрсетілу керек. Бұл мүмкіндікті пайдаланғандардың бірі жас ғалым Динара Тұрсынбек. 

Динара Тұрсынбек, магистр:
-Теориялық бөлімінде түрлі артиклдарды оқу керек болды. Олардың қорытындысын білу үшін ChatGPT-ге салып, маған дайын түрде қорытынды шығарып берді. Азия, Еуропа, Африка, Америка деген сияқты барлық ғалымдардың еңбектерін барлығын шығарып бере алады.