Хабар телеарнасы

Жасанды интеллект: KazLLM бағдарламасы іске қосылмақ

Желтоқсаннан бастап қазақ тілінде жасанды интеллект бойынша KazLLM бағдарламасы іске қосылады. Бұл туралы Назарбаев университетінің провосты Адесида Илесанми айтты.

Елордада жасанды интеллектіні дамыту, жаңа наноматериалдар мен технологияларды коммерцияландыру бойынша жиын өтті. Мәселен, АҚШ, Аустралия, Ұлыбритания секілді елдерден 400-ге жуық ғалым қатысып, 43 спикер баяндама жасады. Сингапур ұлттық университетінің профессоры Мохан Канканхалли отандық өндіріске оң баға беріп отыр. Алдағы уақытта екі елдің білім алушылары арасында бірлескен жобалардың болатынын айтты.

Адесида Илесанми, Назарбаев университетінің провосты:

- Сингапурда жасанды интеллект институтының директоры Мохан Канканхаллид шақырдық. Жасанды интеллект бойынша біздің студенттеріміздің жетістіктеріне қатты таңданып отыр. Енді тәжірибе алмасу мақсатында мүмкіндік туып отыр. Біздің елге қызығушылық бар. Бүгінгі мақсат осы болған. Жалпы жасанды интеллект адамдарға әлеуметтік мәселелерді шешуге қалай көмектесе алатынды деген тақырыпта зерттеулер болды. Одан бөлек, экономика және денсаулық сақтау салаларын да айтып өттік.