Хабар телеарнасы

Астанада электрондық апостиль бойынша форум өтті

Астанада алғаш рет электрондық апостиль бойынша 13-ші халықаралық конференция өтті. Оған Гаага конференциясының бас хатшысы Кристоф Бернаскон мен 16 елдің сарапшысы қатысты. Жиналғандар «Е-Апостиль» бағдарламасын енгізу мен пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибелерімен бөлісті.

Айта кетейік, электрондық апостиль –  шетелде жүріп-ақ қолдануға болатын, құжаттардың түпнұсқалығын растайтын онлайн мөртаңба. Қазір оны әлемнің 56 елі пайдаланады. Ал еліміз бұл жүйені 2021 жылдан бері енгізді. Содан бері ел азаматтары электрондық апостильді 150 мыңнан астам құжатқа қолданған.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

- Шетелде осы құжаттарды жүзеге асырып, қолдануға мүмкіндік береді. Яғни мысалы, ол білім туралы құжаттарды көрсету үшін, біздің қазақстандық құжаттарды көрсету, дәлелдеу үшін дипломыңыз бар екенін міндетті түрде электрондық апостильде штамп қойылады.