Хабар телеарнасы

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы кезеңі басталды. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалды. Үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Жалпы 120 сұрақ.

Одан бөлек, Астанада алғаш рет математика, физика және информатика бойынша 21-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталды. Оған Беларусь, Армения, Әзербайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия сияқты әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші келді. Олимпиада бес күнге созылады және екі кезеңнен тұрады.

Тапсырма мамандандырылған сыныпқа арнап құрастырылған. Халықаралық қазылар алқасы құрамында Ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев бар.

Асқар Жұмаділдаев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті:

- Қазақстанға келетін болсаңыз, олимпиаданың түр-түрі бар. Аудандық, қалалық, облыстық, республикалық. Соның ішінде әлемдік деңгейде өтетін жалғаз олимпиада бар. Ол Жәутіков олимпиадасы. 21-ші рет өтіп отыр. Өзгермейтін нәрсе не? Қиын есептер. Ол 120 есеп емес. 6-ақ есеп. Үш - үштен. Екі күн шығарады. Біреуінің ең болмағанда біреуін шығарсаң, жартысын немесе ширегін шығарсаң, сен жеңімпаз болуы мүмкін.