МӘМС жүйесі үмітті ақтады ма?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тоқталсақ.
Бұл жүйе елімізде 2020-шы жылдың 1-қаңтарынан бері қолданыста. Қазіргі дерек бойынша 16 млн 600 мың адам сақтандырылған. Төрт жылда 417 миллион медициналық қызмет көрсетілген. 2,5 млн операция жасалыпты. Жалпы кепілдендірілген тегін медициналық көмекке ел тұрғындары қандай баға беріп отыр?
Блиц-сауалнама:
- Негізі керек нәрсе ғой. Мемлекетке де жеңілдік, адамға да өзінің денсаулығына қарауға жақсы бағдарлама деп ойлаймын.
- Мысалы, қазір поликлиникадан келе жатырмын. Ем-дом беріп, енді ризамыз.
- Дұрыс жоба. Бірақ әлі толық қамтылмаған деп ойлаймын.
- Ауырған жоқпын. Барған жоқпын. Негізі сақтандыруым бар.
- Ем емес, тексерістерден өттім.
- ОСМС бойынша мен біраз операциялар жасаттым. Бәрі тегін жасалды порталмен.