Хабар телеарнасы

МӘМС: Шұғыл көмек тегін көрсетіледі

2026 жылдан бастап 13 әлеуметтік маңызы бар ауруға күдік туындаған жағдайда ақысыз консультациялық-диагностикалық көмек көрсетіледі. Жалпы МӘМС жүйесінде барлық шұғыл медициналық көмек әрбір азаматқа сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін көрсетіледі. Былтыр 3 миллион 400 мың азамат шұғыл жағдайда дәрігерге қаралып, ауруханаларда стационарлық ем алған. Оның ішінде 1 миллион адам кепілдендірілген көлем шеңберінде қаралған. Шұғыл көмек көрсетілген жағдайда диагноз қою, емдеу және дәрі-дәрмекпен қамту тегін жүзеге асырылады. Созылмалы аурудың асқынуы, жедел респираторлық вирустық инфекция белгілері байқалғанда немесе жарақаттар болған жағдайда сырқат шұғыл тегін көмек алу үшін жақын маңдағы емханаға, ауруханаға немесе жедел жәрдем қызметіне жүгіне алады.