Хабар телеарнасы

АЭС су деңгейіне әсер етпейді

Атом электр станциясы Балқашта салынса, ол көл деңгейіне әсер етпейді. Атом энергиясы институты директорының орынбасары осылай дейді. Ерболат Қоянбаевтың айтуынша, реактордың жұмысына қажет су - көл суының 0,3%-і ғана.

Сондай-ақ МАГАТЭ осыдан 28 жыл бұрын АЭС-ті Балқаш көлі маңына салу орынды  деген. Қазір аумақта су деңгейі зерттеліп, 100 жылға болжам жасалып жатыр. Ал АЭС салу, не салмау шешімін қазақстандықтар референдумда қабылдайды. Оған тұрғындардың 60%-і қатысуға мүдделі. Бұл стратегиялық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесі. Оған 17 облыстан 1 200 респондент қатысқан.

Ерболат Қоянбаев, Атом энергиясы институты директорының орынбасары:

- Су бітіп қалады деген ой дұрыс емес қой. Өйткені 0,3 пайыз деген ол кішкентай ғана. Сосын қазірдің өзінде ЖЭС жұмыс істеп тұр ғой. Оның өзі градильнаядан су алады, Ертістің, өзен-көлдердің суын алады. Ол су градильнаядан суиды да, буланады. Одан кейін ол су жаңбыр ретінде жерге қайтып келеді ғой.