«Таза Қазақстан»: Түркістанда 5 мың түп көшет отырғызылды
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан қаласында 5 мың түп көшет отырғызылды. Күзгі ағаш егу жұмысы қаланың 6 аумағында жүргізілді. Алма, алмұрт, жиде, ива, акация, айлант және қараағаш көшеттері отырғызылды.
Шараға мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, маслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен әртүрлі ұйым белсенділері атсалысты. Олар кәсіпкерлік нысандар мен шағынаударындағы көпқабатты тұрғын үй ауласын, қоқыс жәшіктері мен балалар ойын алаңы аумағын және арық жүйелерін қоқыстан тазартты
Ырыс Ташметова, қала тұрғыны:
- «Дүние жинама, тал ек», - дейді ғой. Бұл біріншіден – тазалық. Екіншіден бұл – жеміс. Бұл тұрған жерде ауа таза болады. Түннен азанда ұйықтап тұрғанда құм басып қалатын жел болғанда. Қазір құм деген мүлде жоқ.
Әзімбек Пазылбекұлы, қала әкімі:
- Бізде күзде 77 мыңдай ағаш отырғызылады. Бүгінгі таңда 40 мыңнан астам ағаш егілді. Оннан астам ағаш түрлері бар. Қаланың барлық тұрғындарын тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз.