Петропавлдықтар экологиялық акция ұйымдастырды
Петропавл жастары даун синдромына шалдыққан балалармен бірге экологиялық акция ұйымдастырды. Олар ескі заттарды қоқысқа лақтырудың орнына кәдеге жаратып, жаңа жылдық ойыншықтар жасаған. Қағаз, шырша бүрі, пластмасса бөтелкелер әп-сәтте көздің жауын алатын бұйымдарға айналды. «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында өткен іс-шараға ардагерлер де атсалысты. Мерекелік ойыншықтар тұрғындарға таратылады.