Хабар телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Сәтбаев халқымен кездесті

Мәжіліс депутаттары Сәтбаев қаласының тұрғындарымен кездесті. Сапар аясында спикер Ерлан Қошанов шаһардағы жылу стансасының жұмысымен танысып, экология мәселелерін талқылады. Ал оның басты себебі – көмір сапасы мен жылу электр станциясындағы сүзгілердің дұрыс жұмыс істемеуі. Мұндай мәселені қысқа мерзімде шешу мүмкін емес, - дейді Ерлан Қошанов. Дегенмен жауаптылар келесі жылыту маусымына дейін бұл проблеманы біржақты қылу қажет.

Сондай-ақ Мәжіліс спикері халықты жылумен үздіксіз қамтамасыз ету соңғы жылдардағы ең маңызды мәселенің бірі екеніне назар аударды. Инженерлік инфрақұрылымның жағдайы Мемлекет басшысының ұдайы бақылауында.

 Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Мемлекет басшысы осы Сәтпаевтағы жағдай бойынша Үкіметке тапсырма берген. Үлкен тексеріс жұмысын жүргізу керек. Қара қар деген жұтып жатқан ауамен адамдардың ағзасына да кіріп жатыр. Сондықтан осы мәселені қарау керек. Ал ең негізгі мәселе – газға көшу. Осы мәселелерден газ келсе, арылатын боламыз.