Хабар телеарнасы

Қазақстанда қалдықты қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

1 млрд АҚШ доллары. Қазақстан алдағы екі жылда IT-қызметтер экспортынан түсетін табысты осынша көлемге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды. Былтырдың өзінде саланың өсімі 24% болыпты. Сарапшылар осы қарқынмен алға қойған мақсатқа жетуге әбден болады,- деп пайымдайды. Жиында сондай-ақ «Таза Қазақстан» акциясының 2024 жылғы қорытындысы шығарылды.

Электронды кәсіпкерлік. Біздің ІТ-қызметтердің сауда алаңы мына картада көрсетілген. Қазақстандық жастар әлеуметтік қосымшалар, веб-сайт, виртуалды ойын, жалпы ғаламтор арқылы қолжетімді қызметтің түр-түрін шығарып, олардың жұмысын үйлестіруде. Олардың осы өнімдері қазір әлемнің 90-нан астам еліне экспорталады. Содан түскен табыс былтыр 700 млн долларды құраған. Өсім 24%. Ендігі міндет – IT-экспортының жалпы көлемін  млрд долларға  жеткізу.

Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Қазақстанның ІТ-қызметін ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Қатысушыларының саны 1,5 мың компаниядан асты. Оның ішінде  400-і халықаралық. Нәтижесінде еліміз тек ірі қалаларда емес, аймақтарда да жаңа жұмыс орындарын алуда.

Қалдықтарды өңдейтін 41 зауыт салынады

Үкімет отырысында сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы қаралды. 2024 жылы бұл шараға 6 млн адам қатысыпты. Нәтижесінде 1 млн тонна қалдық жиналып, 1,5 млн- ға жуық ағаш отырғызылған. Биыл 330 млн көшет егу жоспарлануда.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Олар уақытша науқанға емес, табиғатты аялауға, айналаға, тарих пен дәстүрге құрметпен қарауға үндейтін қоғамдық жаңа идеология ретінде орнығуы тиіс. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы қоғамның экологиялық сауаты мен жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр. Барлық мелекеттік органдар, бизнес пен қоғам осыған атсалысуымыз қажет.

«Таза Қазақстан» акциясының 2029 жылға дейінгі ұзақмерзімді тұжырымдамасы жасалған. Аталмыш науқанға тіпті балабақшалар да үн қосты. Бұл астаналық бүлдіршіндер. Олар аула, не көшелерді тазалаған жоқ. Өз қолымен саябақ, жасыл өлке, экологиялық ғимарат түріндегі макеттерді жасап, қазірден табиғатты аялауды үйреніп жатыр. Биліктің көздегені де осы қоршаған ортаны қорғаудың жаңа идеологиясын қалыптастыру. Ірі жобаларда айтылды. Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынатын болыпты.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

- Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 млн тонна болды. Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру арқылы 4,5 мың жұмыс орны ашылады.

Ердәулет Ыбырайұлы, Азамсат Сәметов