Сарапшы: Доллар бағасының қымбаттауы халыққа зиянын тигізбеуі керек
Мамандар: «Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау үшін Ұлттық банк дұрыс қадам жасады», – деп пайымдайды. Базалық сыйақы мөлшерлемесі 12% дейін ұлғайды. Бұл елдегі инфляция межесін қазіргіден асырмау үшін жасалды.
Елена Бахмутова, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрайымы:
- Ең бастысы жұмыс орындарын сақтап, шағын және орта бизнесті құлдыратып алмау керек. Меніңше, бұдан әрі қарай импорт алмастыру мәселесін қарастыру керек, яғни мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы сатып алу шараларына отандық өндірушілерді тарту қажет. Үкімет пен Ұлттық банк жедел және оң шешім қабылдады. Нақты бағыттар айқындалды. Сондықтан дүрбелең салудың қажеті жоқ. Себебі Үкіметтің әлемдік экономикалық дағдарысқа төтеп бере алатын тәжірибесі бар.