Хабар телеарнасы

Қазақстан әлемдегі бензин бағасы ең арзан 15 елдің қатарына кірді

Benzin bagasy

Әлемдегі ең арзан бензин Венесуэлада, оның теңге эквивалентіндегі бағасы бір теңгеден төмен. Бензині арзан елдердің алғашқы үштігіне Иран (0,09 АҚШ доллары немесе 39,2 теңге) және Судан (0,14 АҚШ доллары немесе 59,6 теңге) кіреді, деп хабарлады ranking.kz.

ТОП бестікті Ангола (0,28 АҚШ доллары немесе 121,4 теңге) мен Малайзия (0,29 АҚШ доллары немесе 123,7 теңге) жауып отыр. Қазақстан да бензин бағасы ең төмен елдердің бірі болып, 11-орында тұр.

13 сәуірдегі жағдай бойынша, бензиннің орташа бағасы 0,41 АҚШ доллары немесе бір литрі үшін 174 теңгені құрайды. Бұл – ТМД елдерінің ішіндегі ең жақсы көрсеткіш. Мәселен, Ресейде бір литр бензиннің бағасы 265,8 теңге, Түрікменстанда 183,4 теңге, Әзербайжанда 201,4 теңге, Қырғызстанда 230,2 теңге.