Биыл 17 млн тонна мұнай өндіріледі
Мұнай танкерлері кестеге сәйкес жөнелтіліп жатыр. Мұны Мемлекет басшысының қабылдауында болған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді. Биыл Қазақстанда 17 млн тонна мұнай өнімі өндіріледі. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Ішкі нарықты 150 мың тонна дизельмен қамтамасыз ету үшін Шымкент пен Атырау мұнай өңдеу зауыттарын жөндеу кейінге қалғаны белгілі болды. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы да 100 мың тонна дизель отынын импорттайды. Ал Атыраудағы полипропилен өндіретін зауыт бір айдың ішінде іске қосылады.